2021 жылғы 16 желтоқсанда еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Павлодар облысы әкімінің қатысуымен Павлодар қаласында тазартылған күнбағыс майын өндіретін цех ашылды. Жоба «Павлодар» ӘКК» АҚ қолдауымен жұмыс істеп тұрған «Павлодар Агрокомплекс» ЖШС кәсіпорны базасында жүзеге асырылды. Жаңа цех күнбағыс дәнінен өсімдік майларын тазартуға арналған. Цех өнім сапасының ең жоғары деңгейін қамтамасыз етуге қабілетті заманауи...




















