Осы арқылы “Павлодар әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы” АҚ өңірлік тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуды өткізуге конкурс жариялайды: 1) тауардың атауы: қарақұмық жармасы бірінші сорт; 2) тауар көлемі: 200 (екі жүз) тонна; 3) тауардың бағасы: ҚҚС қоса алғанда 180 (бір жүз сексен) теңге/кг; 4) жеткізу шарттары: Тапсырыс берушінің өтінімдері бойынша; 5) өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2 (екі) жұмыс күні; 6) Төлем шарттары: ұсынылған жағдайда шарт сомасының 70% мөлшерінде алдын ала төлем: – аванстық төлем сомасына тауардың және/немесе оны өндіру үшін шикізаттың қажетті көлемінің қоймаларда болуын растайтын анықтамалар не өзге де құжаттар; – оң кредиттік тарих, ол кредиттік бюроның есебімен расталады. 7) өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімі: 2025...