2022 жылы «Павлодар» ӘКК» АҚ-ның күріш сатып алу бойынша ақпарат Өңірлік тұрақтандыру қорына күріш сатып алуды жүргізуге қатысты Instagram және Telegram әлеуметтік желілерінде посттардың жариялануына байланысты «Павлодар» ӘКК» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) келесіні хабарлайды. Павлодар облысының күрішке деген қажеттілігі жылына 6,3 мың тоннаны құрайды. Алайда өңірлік тұрақтандыру қорының (бұдан әрі – Тұрақтандыру қоры) міндеттеріне...












