Кәсіпкерлер назарына!
“Павлодар” ӘКК” АҚ “Екі тоғыз қабатты тұрғын үй құрылысы” жобасын іске асыру үшін кәсіпкерлерді ынтымақтастыққа шақырады.
Павлодар қаласының “Достық” шағын ауданында көп қабатты тұрғын үйлер салу үшін”Павлодар” ӘКК” АҚ-ға Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығындағы, алаңы 2,6957 га жер учаскесі тиесілі, тұрғын үйлердегі пәтерлердің жалпы алаңы кемінде 35 000 (отыз бес мың) шаршы метр.
Жобаға қойылатын талаптар:
– тұрғын үй класы-IV.
Серіктеске қойылатын талаптар:
– Тұрғын үй құрылысын 100% қаржыландыру;
-Өз қаражаты есебінен көп қабатты тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу;
– Енгізілетін үлесті мақсатты пайдалану;
– Құқық қабілеттілігі;
– Уәкілетті орган шешімі қабылданған сәтте әріптестің және оның үлестес тұлғаларының қаржы институттары алдында мерзімі өткен міндеттемелерінің болмауы;
-Екінші санаттан кем емес жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензияның болуы;
– Құрылыс мерзімі екі жылдан аспайды;
– Серіктес фирмасының басшысы мен бас бухгалтерінің соттылығының болмауы.
Қажетті құжаттар тізімі:
– Қатысуға өтінім;
– Құрылтайшының жеке куәлігінің көшірмесі;
– Басшының жеке куәлігінің көшірмесі (шетелдік азаматтар немесе азаматтығы жоқ адамдар үшін – көші-қон полициясы органдарында тіркелген паспорттың көшірмесі немесе тұрғылықты тұруға ықтиярхаттың көшірмесі);
– Жоба бастамашысының бірінші басшысының қызметке кірісуі туралы бұйрық (қызметке кіріскен күнін және бірінші қол қою құқығын көрсете отырып);
– Қол қою үлгілері бар Карточка;
– Жарғының Көшірмесі;
– Құрылтай шартының көшірмесі (болған жағдайда);
– Жобаның бастамашысы-заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәліктің (анықтаманың) көшірмесі;
– Тіркелген заңды тұлға туралы E.gov–тан анықтама;
– Қызмет көрсететін банктерден өтінім берген күнгі жағдай бойынша қарыздар және басқа да орындалмаған талаптар бойынша несиелік және мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы анықтама;
– Жобаны іске асыру үшін қажетті көлемде шоттарда қаражаттың бар екендігі туралы қызмет көрсететін банктерден растау анықтамасы;
– Қызметтің тиісті түріне лицензиялар (лицензияланатын қызмет түрлері үшін нотариалды куәландырылған көшірме);
– Ұсынылатын активтерге құқық белгілейтін және құқықты куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
– Көп қабатты тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жөніндегі жобалау ұйымымен ниет шарты;
– Көп пәтерлі тұрғын үйлердің эскиздік жобалары;
– Қажет болған жағдайда өзге де құжаттар сұратылуы мүмкін.
Өтінімдер 2021 жылғы 13 шілдеден бастап 2021 жылғы 22 шілдеге дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады: Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16, 617 кабинет, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, телефон: 654550.